Оқиғалар
Семинар


2025 жылғы 24 каңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ-де «Ауылдық, жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінен 17 әдіскер-мамандар келіп, әр пән бойынша мұғалімдерге әдістемелік семинар өткізді. Семинар мақсаты-«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету. Шара барысында Ж.Т.Кітапбаева, А.Е.Бекбаева «Lesson Study»; Н.К.Қайратова «Тәрбиелік жобалар»; К.К.Мукашева «Мектепте STEAM –ді енгізу»; А.Н.Тунгушпаева «Физика, информатика, математика»; Ж.О.Ерниязова «Қазіргі замандағы менеджмент»; К.К.Мукашева «Action Reserarch» тақырыптарында оқыту семинарын өткізіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Семинар 2
05.03.2025 жылы Алтай қаласы №9 орта мектебінде Аудандық мектеп басшыларының семинары өтті. Бұл маңызды шара білім беру сапасын арттыру, үздік тәжірибелермен бөлісу және мектеп басшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды мектеп директоры Шоматова Назигүл Мұғалімқызы ашып, күн тәртібіндегі жоспармен таныстырып, келген қонақтарға “Қазақстан халқына” жобасының мүмкіндіктері – білім сапасын арттырудың кепілі тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде мектептің жетістіктері, оқушылардың білім деңгейін көтеру жолындағы тың бастамалар мен инновациялық әдістер жайында айтып өтті. Іс-шараның екінші бөлімінде қонақтар мектебіміздің материалдықтехникалық базасымен және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған жұмыс бағыттарымен танысты. Кітапхана, көрме, STEM зертханасы, интеллект орталығы, телестудия, ұлттық өнер көрмесі, технология кабинеттері және әр пән бойынша жабдықталған кабинеттер қонақтарға кеңінен таныстырылып, оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Әр кабинетте оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыру, заманауи технологияларды пайдалану және білім алушылардың қабілетін дамыту бойынша пән мұғалімдерінің сабақтары өткізілді. Семинардың соңғы бөлімінде қорытындылау және рефлексия жүргізіліп, келген мектеп басшылары өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, №9 орта мектептің жаңашылдық бағытындағы тәжірибесі өздері үшін маңызды үлгі болғанын айтты. Сонымен қатар, болашақта осындай кездесулерді жиі өткізу туралы ұсыныстар жасалды. Бұл семинар аудан мектептерінің басшылары арасында тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Әдістемелік жұма жоспары

Ссылки на информации по отдельности
